«Балқаш – 2024» су бойынша
халықаралық экологиялық-климаттық форум

30-31 мамыр, Балқаш қаласы, Қазақстан

«Балқаш – 2024» халықаралық экологиялық-климаттық форумы Балқаш көлінің экожүйесін сақтау жолдарын бірлесіп іздеуге климаттық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық қиындықтар жағдайында Іле-Балқаш трансшекаралық бассейнінің тұрақты дамуы жолында ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес пен халықаралық қауымдастық өкілдерінен тұратын азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіруге бағыталады.

Бағдарлама климаттық өзгерістің салдарын азайту, су тапшылығының ұлғаюы, жасыл экономиканы дамыту әрі аймақтың инвестициялық және туристік әлеуетін арттыру бойынша бірлесіп атқарылатын әрекеттерді талқылау мақсатында аймақтың экологиясы мен экономикасы, тарихы және мәдениеті арасындағы пәнаралық байланыстарға назар аударады.
«Балқаш – 2024» форумына қатысуға жергілікті қоғамдастық пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, академиялық сарапшылар, стейхолдерлер, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, өнеркәсiптiк кәсiпорындар, кәсiпкерлер, сондай-ақ дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкiлдерi шақырылады.

Әріптестік, ынтымақтастық және «Балқаш – 2024» су бойынша халықаралық экологиялық-климаттық форумына қатысу мәселелері жайлы мұнда хабарласыңыз: artcom.platform@gmail.com, +77017594853.

Организаторы:

Balqashqa Qamqor – Балқаш көлінің экожүйесін қорғау бойынша ашық бастама;
Artcom Platform – заманауи өнер және қоғамдық өзара әрекеттестік қауымдастығы.

БІЗ ТУРАЛЫ

Balqashqa Qamqor

қазіргі уақытта антропогендік әсердің нәтижесінде экологиялық, әлеуметтік, экономикалық және климаттық қиындықтарға ұшыраған Балқаш көлінің экожүйесін сақтау мақсатында оларға қамқорлық жасайтын ашық бастама.

Біздің
миссиямыз
қоғамдастықтар мен мекемелерді Балқаш көлі бассейнінің экожүйелеріне ұжымдық қамқорлық жасауға, тарихты, мәдениетті, экологияны зерттеуге және аймақтың тұрақты болашағы үшін жергілікті білімдерді өндіруге тарту.
Balqashqa Qamqor 2020 жылы зерттеушілер, суретшілер және мәдени белсенділер қауымдастығы Artcom Platform – заманауи өнер және әлеуметтік өзара әрекеттесу алаңы бастамасымен құрылған.
Біздің міндеттеріміз:
  • 1
    Серіктестік құру мен бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы жергілікті қоғамдастықтар, сарапшылар, мемлекеттік, ғылыми және мәдени мекемелер, бизнес және халықаралық ұйымдар арасындағы байланысты нығайту;
  • 2
    Өңірдегі Art Collider мектебінің және инновациялық инкубаторлардың пәнаралық білім беру бағдарламаларын іске асыру арқылы жергілікті қоғамдастықтарды білім өндіруге, әлеуметтік және экологиялық жобаларды ұйымдастыруға тарту;
  • 3
    Қоршаған ортамен танысу: Балқаш көлі мен бассейннің өзендері бойында экспедициялар мен серуендер ұйымдастыру, олар туралы ғылыми зерттеулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер жасау арқылы аймақтың биоалуантүрлілігін, суын, топырағын және әлеуметтік-мәдени ландшафтын зерттеу;
  • 4
    Дәрістер, пікірталастар, қоғамдық және көркемөнер іс-шаралар, арт-интервенциялар, көрмелер мен спектакльдерді ұйымдастыру арқылы Балқаш көлінің қиындықтары туралы халықтың хабардарлығын арттыру;
  • 5
    Балқаш көлі бассейнінің экожүйелері туралы журналдар, зиндар, мақалалар, фильмдер, бейнероликтер, көркем туындыларды шығару арқылы облыстың мәдени мұрасы мен экологиялық жағдайы туралы жұртшылықты ақпараттандыру.

Біздің тәжірибеміз

Экспедициялар және арт-интервенциялар
2020-2023
Балқаш – Приозерск – Бектау ата – Бақанас – Қарой
Әйгерім Қапар «Балқаш көлінің құпиялары: қоғамдастық нарративтері, жады, өткен уақыт пен болашақтың пейзаждары» зерттеуі 
As you go… roads under your feet towards the new future, WCSCD, Mousse Publishing, Italy, 2022
Көрмелер және көрнекі зерттеулер
Балқаш: Кеше Бүгін Ертең 2022
Beine x Korshiler x Artcom
Зин "Біздің Балқаш"
Зин "Біздің Бектау атамыз"
Жарияланымдар
Art Collider x Balqash Jastary 2023 мектебі
Балқаш көлін күту бойынша ортақ тәжірибелер үшін қоғамдастықтарды біріктіретін пәнаралық өнер, ғылым және технология мектебінің бағдарламасы.
“Balqashqa Qamqor” көрмесі
Суретшілер, зерттеушілер және жергілікті қоғамдастықтар Балқаш көлінің экожүйелерге қалай қамқорлық жасайтыны туралы айтады. Қатысушылар аймақтың мәдениеті, тарихы, экологиясы және қала тұрғындары туралы өздерінің жобалары мен бастамаларын комикс, мультфильм, сурет, фото және бейнежұмыстар түрінде ұсынды.
Экспедициялар және арт-интервенциялар
2020-2023
Балқаш – Приозерск – Бектау ата – Бақанас – Қарой
Әйгерім Қапар «Балқаш көлінің құпиялары: қоғамдастық нарративтері, жады, өткен уақыт пен болашақтың пейзаждары» зерттеуі 
(As you go… roads under your feet towards the new future, WCSCD, Mousse Publishing, Italy, 2022)
Көрмелер және көрнекі зерттеулер
Балқаш: Кеше Бүгін Ертең 2022
Beine x Korshiler x Artcom
Зин "Біздің Балқаш"
Зин "Біздің Бектау атамыз"
Жарияланымдар
Art Collider x Balqash Jastary 2023 мектебі
Балқаш көлін күту бойынша ортақ тәжірибелер үшін қоғамдастықтарды біріктіретін пәнаралық өнер, ғылым және технология мектебінің бағдарламасы.
“Balqashqa Qamqor” көрмесі
Суретшілер, зерттеушілер және жергілікті қоғамдастықтар Балқаш көлінің экожүйелерге қалай қамқорлық жасайтыны туралы айтады. Қатысушылар аймақтың мәдениеті, тарихы, экологиясы және қала тұрғындары туралы өздерінің жобалары мен бастамаларын комикс, мультфильм, сурет, фото және бейнежұмыстар түрінде ұсынды.
© Balqashqa Qamqor 2023