«Балқаш - 2024: мәселесі мен шешімдері» Халықаралық Су-Климат Форум



Форум өнер мен мәдениет қайраткерлерінің, азаматтық қоғамның, ғалымдардың, үкіметтің, бизнестің және халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін біріктіріп, су деңгейінің өсуі жағдайында трансшекаралық Балқаш-Алакөл бассейнінің экожүйесін сақтау жолдарын іздеуге, климат, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылауға бағытталған.
Форумда мемлекеттің, не жергілікті билік органдарының қоршаған ортаның деградациясының алдын алу бойынша қабылдайтын іс-әрекеттері талқыланады. Экожүйелік қағидаттар мен қоғамның рөлі тоғысқан алаңда бассейндерді басқарудың инновациялық үлгілері анықталады.

Форум бағдарламасы аясында біз су пайдаланушылардың қолданатын стратегиялардың бүгіні мен ертеңін, су тапшылығын, климаттың өзгеруін қарастырамыз. Су тапшылығы мәселесі және салдарымен күресу үшін аймақтың экологиясы, экономикасы, тарихы мен мәдениеті арасындағы пәнаралық байланыстарды жалпы талқылаймыз. Бұл жасыл экономика секторын, облыстың инвестициялық және туристік әлеуетін дамыту үшін өз үлесін тигізеді.

ФОРУМНАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
  • 1
    Балқаш көліне бірлесе қамқорлық жасау және өңірді тұрақты дамыту мақсатында қоғамнан, жергілікті және республикалық атқарушы органдардан, ғалымдардан, мәдениет қайраткерлерінен, халықаралық ұйымдар өкілдерінен және Қазақстандағы елдердің елшіліктерінен серіктестер желісін құру;
  • 2
    Форум қорытындысы ретінде Көлге және экожүйелерге қамқорлық жасау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары;
  • 3
    Форумда баяндамалар жинағын онлайн жариялау;
  • 4
    Экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени аспектілердегі Балқаш-Алакөл бассейні туралы деректер, зерттеулер және жаңалықтар туралы жиналған ақпаратпен Careforbalkhash.org тұрақты онлайн платформасын құру және іске қосу;
  • 5
    Балқаш көлін сақтаудың заңнамалық, экономикалық және әлеуметтік тетіктерін ілгерілету.
БАЛҚАШ
КӨЛІ



Балқаш-Алакөл трансшекаралық бассейні 413 мың км² кең аумақты алып жатыр. Көлдің негізгі су жолы – Қытайдан бастау алатын Іле өзені. Көл флора мен фаунаның биологиялық алуандылығымен ерекшеленеді және 10 миллионнан астам адамның өмір сүруіне әсер етеді. McKinsey сарапшылар тобының болжамдары бойынша, егер көлдің мәселесі назардан тыс қалса және құтқару жергілікті, республикалық, аймақтық және халықаралық деңгейде шешілмесе, 2046 жылға қарай Балқаш суының 86 пайызын жоғалтады.
Орталық Қазақстанда орналасқан дүние жүзіндегі 14-ші ірі көл бүгін әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және су дағдарыстарына ұшырауда. Балқаш көлінің айналасындағы қазіргі суды пайдалану Арал теңізінің тағдырын қайталауға қауіп төңдіріп тұр. Арал теңізі антропогендік фактор нәтижесінде экологиялық апатқа айналды.
1
Бассейннің деградациялану
қаупі және Арал апатының қайталануы
2
Суды тұрақсыз пайдалану
3
Балқаш-Алакөл бассейнін
тиімсіз басқару
4
Іле өзеніндегі трансшекаралық мәселелер
6
Жердің деградациясы және шөлейттенуі
5
Мұздықтардың еруі және қол жетімді судың азаюы
7
Халық пен бизнесті
мәселелерді шешуге
қатысудан алшақтату
8
Биоәртүрлілікті жоғалту қаупінің өсуі
9
Климаттың өзгеруі және экологиялық қақтығыстар
ӨЗЕКТІЛІГІ

КЕҢЕСШІЛЕР

  • Нариман Кипшакбаев
    су саясатының негізін салушы, Қазақстанның су серіктестігінің төрағасы
  • Рымкуль Машурбекова
    эколог, Балқаш-Алакөл бассейні бойынша сарапшы
  • Булат Есекин
    климаттың өзгеруі, су және тұрақты даму жөніндегі халықаралық сарапшы
  • Анар Тлеулесова
    профессор, инженер-гидрогеолог
  • Кульшат Медеуова
    философ, Гумилева Л.Н атындағы ЕҰУ профессоры.
  • Алмагуль Менлибаева
    қазіргі заманғы суретшісі, куратор
  • Даулет Кожаков
    тарихшы, Балқаш тарихи-өлкетану музейінің директоры

ҰЖЫМ

  • Әйгерім Қапар
    Форумның бастамашысы, кураторы
  • Әйгерім Тілеубай
    Форумның бастамашысы, кураторы
  • Антонина ван Лиер
    жоба менеджері
  • Қарлығаш Ахметбек
    визуал-директор, дизайнер
  • Айгерим Оспан
    арт-менеджер
  • Аружан Қалтай
    медиа менеджер
© Balqashqa Qamqor 2023