Marina View That We Love
Where do new ideas come from? The answer is simple: differences. Creativity comes from unlikely combinations.

«Балқаш – 2024: мәселесі мен шешімдері» Халықаралық Су-Климат Форумы Балқаш көлінің экожүйесін сақтау жолдарын бірлесіп іздеуге климаттық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық қиындықтар жағдайында Іле-Балқаш трансшекаралық бассейнінің тұрақты дамуы жолында ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес пен халықаралық қауымдастық өкілдерінен тұратын азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіруге бағыталады.

Бағдарлама климаттық өзгерістің салдарын азайту, су тапшылығының ұлғаюы, жасыл экономиканы дамыту әрі аймақтың инвестициялық және туристік әлеуетін арттыру бойынша бірлесіп атқарылатын әрекеттерді талқылау мақсатында аймақтың экологиясы мен экономикасы, тарихы және мәдениеті арасындағы пәнаралық байланыстарға назар аударады.
«Балқаш – 2024: мәселесі мен шешімдері» форумына қатысуға жергілікті қоғамдастық пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, академиялық сарапшылар, стейхолдерлер, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, өнеркәсiптiк кәсiпорындар, кәсiпкерлер, сондай-ақ дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкiлдерi шақырылады.

Ұйымдастырушылар:

Balqashqa Qamqor – Балқаш көлінің экожүйесін қорғау бойынша ашық бастама;
Artcom Platform – заманауи өнер және қоғамдық өзара әрекеттестік қауымдастығы;
«Silkway Development Fund» ҚҚ, E-forum.net – іс-шараларды өткізуге арналған интеллектуалды онлайн платформа.

Әріптестік, ынтымақтастық және форумға қатысу мәселелері жайлы хабарласыңыз: artcom.platform@gmail.com, +77071071920.
«Балқаш – 2024: мәселесі мен шешімдері» Халықаралық Су-Климат Форумы Балқаш көлінің экожүйесін сақтау жолдарын бірлесіп іздеуге климаттық, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық қиындықтар жағдайында Іле-Балқаш трансшекаралық бассейнінің тұрақты дамуы жолында ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес пен халықаралық қауымдастық өкілдерінен тұратын азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіруге бағыталады.
© Balqashqa Qamqor 2023