Marina View That We Love
Where do new ideas come from? The answer is simple: differences. Creativity comes from unlikely combinations.

Art Collider x Water Futures
Art Collider × Water Futures — су, экологиялық жады және климаттық әділет мәселелеріне арналған мектеп. Ол суға қатысты байланыстарды қалпына келтіріп, болашақты жаңаша пайымдау мақсатында көшпелі ғылымды, өнерді, тәндік тәжірибелерді және ұжымдық қиялды тоғыстырады.
Мектеп Іле–Балқаш алабын гидроәлеуметтік кеңістік, тірі экожүйе әрі тәлімгер ретінде қарастырады. Біз Алатау мұздықтары мен Алматының қалалық өзендерінен бастап Іле, Қаратал, Лепсі өзендері мен Балқаш көліне дейін су бойын жағалаймыз.

Art Collider × Water Futures ғылыми, көркем, жергілікті, тәндік, дыбыстық және мифологиялық білім түрлері су айналымына ортақ қамқорлық жасау тәжірибесінде тоғысатын кеңістік қалыптастырмақ.

Біз суретшілерді, зерттеушілерді және мәдениет саласында жүрген әрбіріңізді өзгерістің қозғаушы күші, ал өнерді су аймақтарына деген сезімталдықты, өзара байланыстар мен жауапкершілікті қайта жаңғыртатын қуат деп білеміз.

Су нені біледі, не есінде? Оның үнін қалай ести аламыз? Гидрокөркем тәжірибе су кеңістіктеріне қатысты әділеттің жаңа тілін қалай ашпақ?

Art Collider × Water Futures – Artcom Platform және Care for Balkhash – Балқаш көлі экожүйелеріне қамқор бастама Швейцария Елшілігінің қолдауымен және Aspan Gallery мен The Steppe серіктестігі аясында жүзеге асырмақ.

Мектеп 2026 жылдың тамыз айынан қазан айына дейін Алматы қаласында өтеді.

  • Бағдарлама аясында
    Бағдарлама мектеп қатысушыларына арналған ашық дәрістерді, семинарларды, шеберлік сабақтарын, бірлескен серуендерді, тәлімгерлік кездесулер мен зерттеу сапарларын қамтиды.
    Біз мұздықтар, аспан және жер өзендері, өсімдіктер мен биоалуантүрлілік, көшпелі экологиялық білім, ауызекі дәстүр мен музыка, гидрокосмология, су ресурстарын басқару және су нысандарының құқықтары туралы әңгімелейміз.
    Тұйықсу мұздығымен жүздесіп, Кіші Алматы өзенін бойлай серуендейміз, жазбалар жинап, ой карталарын жасаймыз. Су байланыстарының ізімен Балқаш көліне сапар шегіп, жаңа қауымдастықтармен және институтциялармен танысамыз.
    Қатысушыларды қозғалыстағы бейнелер, шым ши тоқу, кестелеу, дыбыс және визуалды зерттеумен байланысты шеберлік сабақтары күтеді. Бұл тәжірибелер климаттық дағдарыс жағдайында экологиялық жадты жеткізудің, оқиғаларды баяндаудың және жер-сумен қарым-қатынасты жаңғыртудың тәсілдері ретінде қарастырады.

    Мектептің қорытындысы ретінде 2027 жылдың көктемінде Aspan Gallery-де ұжымдық көрме ұйымдастырылады. Қатысушылар көркем туындылар жасау, кураторлық ету, көрмені ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін алмақ.
  • Кімді шақырамыз?
    Су, экологиялық және климаттық әділет, мәдени және ұжымдық жады, табиғат құқықтары, жергілікті білімдер мен болашақты қалпына келтіру тақырыптарына қызығушылық танытатын және/немесе осы бағыттарда еңбек ететін суретшілерді, зерттеушілерді, дизайнерлерді, кураторларды, ғалымдарды, сәулетшілерді және пәнаралық тәжірибешілерді шақырамыз.
    Қатысушылардың жасы 21-ден жоғары, қазақ және орыс тілдерін меңгерген болса керек. Көркем жобаларды жүзеге асыру және зерттеу жүргізу тәжірибесінің болғаны құпталады.
  • Қатысу шарттары
    • Қатысу тегін, орын саны – 12 адамға дейін.
    • Мектепке қатысу Алматы қаласындағы іс-шараларға аптасына 2–3 рет қатысу мүмкіндігін көздейді.
    • Лепсіге екі күндік және Тұйықсу мұздығына бір күндік сапарларға қатысу қажет.
    • Мектептің жұмыс тілдері – қазақ және орыс тілдері (аудармасыз).
    • Көрмені әзірлеуге және өткізуге қатысу.
  • Негізгі күндер мен іс-шаралар
    Open call 2026 жылдың 2 тамызына дейін (қоса алғанда) жалғасады.
    Мектеп бағдарламасы 2026 жылдың 8 тамызынан 27 қыркүйегіне дейін өтеді.
    Мектеп нәтижелерінің таныстырылымы – 2026 жылдың қазаны.
    Көрмеге дайындық кезеңі –- 2026 жылдың қарашасынан 2027 жылдың наурызына дейін.
  • Мектепке қалай қатысасыз?
    Қатысуға арналған өтінімді толтырып, оған мына құжаттарды қоса тіркеңіз:
    – уәждемелік хат;
    – түйіндеме (CV);
    – портфолио.
Ұйымдастырушылар

Artcom Platform — 2015 жылы Алматы қаласында құрылған суретшілер, зерттеушілер және кураторлар ұжымы. Artcom заманауи өнер, климаттық әділет, көшпелі білім, экология және қауымдастықтармен жұмыс тоғысындағы бағыттарда жұмыс істей отырып, Орталық Азияның дала және су экологияларына негізделген көркем тәжірибелерді дамытпақ.
Соңғы он жыл ішінде ұжым Care for Balkhash, SOS Taldykol, Art Collider және Steppe Space жобаларын бастады. Бұл ұзақмерзімді бастамалар көркем жобаларды, пәнаралық зерттеулерді және қоғамдық білім беру бағдарламаларын біріктіріп, экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлерге жауап ретінде қауымдастықтар, ғалымдар мен мәдениет институтцияларының бірлескен әрекетіне арналған кеңістік қалыптастырады.

Care for Balkhash — Балқаш көлі экожүйелерін сақтауға бағытталған қамқорлық бастамасы. 2020 жылдан бері бұл бастама Балқаш көлі алабының экожүйелеріне бірлескен қамқорлық, өңірдің тарихын, мәдениетін және экологиясын зерттеу, сондай-ақ аймақтың тұрақты болашағына қажетті жергілікті білімдерді қалыптастыру үдерістеріне қауымдастықтар мен институтцияларды тартып келеді.

Мектеп Қазақстандағы Швейцария Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Серіктес: Aspan Gallery
Медиа серіктес: The Steppe

Мектеп туралы қосымша ақпарат алу үшін Антонина ван Лиерге мына электрондық пошта арқылы хабарласыңыз: artcom.platform@gmail.com
Art Collider x Water Futures
© Balqashqa Qamqor 2023