Marina View That We Love
Where do new ideas come from? The answer is simple: differences. Creativity comes from unlikely combinations.

Климат, су және қоғамның түйісуі
  • Суретшілер:
    Алмагуль Менлибаева
    Jatiwangi Art Factory
    Өміркелді Абеуов
    Саид Атабеков
    Сельби Джумаева мен Алиса Вербина
    Khadim Ali
    Artcom Platform
    Кураторлық жұмыс:
    Әйгерім Қапар
  • Ашылуы:
    27 қыркүйек, 18:00
    Өтетін орны:
    Aspan Gallery, Алматы
    Villa Boutiques & Restaurants, Әл-Фараби 140А (минус 1-шi қабат)
hidrosocial dynamics
socio-ecologycal systems
water cultures
integrity
social-natural environments
water knowledges
equitable forms
«Климат, су және қоғамның түйісуі» көрмесі

«Климат, Су және Қоғамның түйісуі» көрмесі Сарыарқа даласында, Балқаш көлінің жағасында, көшпелілер мәдениеті ландшафтында Artcom Platform және Balqashqa Qamqor ұйымдастырған «Балқаш – 2024: мәселесі мен шешімдері» Халықаралық Су-Климат Форумының бір бөлігі ретінде басталды. Көрме Алматыда Aspan Gallery-мен серіктестікте жалғасады.

Жаһандық климаттық дағдарыстың әсерін мойындай отырып, көрме Орталық Азия, Индонезия және Австралия суретшілерін жаһандық климатқа, экологиялық ынтымақтастыққа және трансшекаралық Балқаш көлі бассейнінің нәзік экожүйелеріне қамқорлық жасау тәжірибесіне бағытталған тағы бір әрекет ретінде бір ортаға біріктіреді.

«Климат, Су және Қоғамның түйісуі» көрмесінде суретшілер ұжымдық жадтың сақшылары ретінде жергілікті қауымдастықтар мен биоәртүрліліктің өзара байланысын, мұрағат ретінде көрініс табатын су тәнін, әлеуметтік-экономикалық және климаттық шындықтар мен болашақтағы технологиялар мен рәсімдердің сабақтастығын зерттейді және пайымдайды.

Мәдени ландшафтты қалыптастыратын көзқарастардың, білім жүйелерінің және тарихи контекстердің әртүрлілігін ұғына отырып, көрме әлеуметтік-табиғи өзара байланысты, су кеңістігін түсінуді, гидроәлеуметтік қатынастардың динамикасын және бейотар қиялдау арқылы стратегияларды қайта бағалауды қайта қарастыруға шақырады.
Баспасөз-хабарламасы: Климат, Су және Қоғамның түйісуі
© Balqashqa Qamqor 2023